Семейде «Шырмауық» жедел алдын алу шарасы өтті
Шығыс қазақстан облысы бойынша есірткіге қарсы күрес акциясы барысында қолға алынған «Шырмауық» жобасының мақсаты наша мен ағзаға зиян тигізетін түрлі психотропты дүниелерді анықтау, тәркілеу және контрабандалық жолмен келетін «героинді» тұзаққа түсіру болып табылды. Бұл үшін «Ертіс» автотранспорты бекетінен өткен көліктердің құжаттар толық тексерілді.
-«Шырмауық» шарасы барысында Семей полицейлері «кептірілген көкнәр» деп аталатын марихуана түрінің тасымалдануының 3 оқиғасын анықтады,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,- Заңсыз айналымнан 26,15 грамм наркотикалық зат тәркіленді. «Ертіс» бекетінде 79 автокөлік, 38 рейстік бағыттағы автобус тексерілді. Тексеруде ешқандай күдікті дүние әзірше тіркелмеді. Семейлік полицейлер нашақорлық мәселесін қатаң назарда ұстайды.
Оқи отырыңыз