Семейлік полицейлер «Автобус» іс-шарасын қолға алды
2018 жылдың 18 қаңтары күні «Самара-Шымкент» автожолы бойының 1068 шақырымында орын алған автобус тасымалының қайғылы оқиғасында 52 адам қаза тапқан еді. Сондықтан да а аралық, аудан аралық және халықаралық тас жолдардың бойын тексеру үшін 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында Семей қалалық Ішкі Істер басқарамасының полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігіне тікелей жауапты мекеме өкілдерімен бірге «Автобус» алдын алу іс-шарасын жүрігізіп жатыр.
-Бұл іс-шараға жол-патрульды полициясы қызметкерлерінен және басқа салалардан 1300 қызметкер жұмылдырылуда,-дейді Семей қалалық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-осы «Автобус» алдын алу шарасы кезінде полиция өкілдері ҚР Жол қауіпсіздігі ережесі қоғамдық көлік тасымалы қызметіндегі жүргізушілер тарапынан бұзылғандығы туралы 74 оқиғаны анықтап отыр. Жол жүріп бара жатып, телефонмен сөйлескен және радиодан музыканы ойнатып қойған 2 жүргізуші, жүріс айналымдарын бұзғаны11 жүргізуші үшін әкімшілік жауапкершілікке шақырылды.