KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2,1 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімовке «Абай» медалі табысталды

2.03.2018, 07:48 137

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде республикалық «Абай» қорының құрметті президенті, хәкім Абайдың жиені Балтабек Бәзілұлы Ерсәлімовтың 80 жас мерейтойына арналған «Ұлағатты істердің ұйытқысы» атты кеші өтті. Кешті ақын Қайрат Сабырбай жүргізіп отырды.


Жиын барысында музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева Балташ ақсақалдың төсіне «Абай» медалін қадады.


- Балтабек Бәзілұлы журналистикадағы еңбек жолын «Екпінді»  («Семей правдасы») газетінен бастады,-деді музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева,-газетте қызмет атқара жүріп, Абай мұрасының насихатталуына ерен еңбек етті. 1971 жылы Балтабек Ерсәлімов баспахана басшылығына келді. Мұнда да баспахана жұмысына белсене араласып, көптеген рухани шаралардың жүзеге асуына мұрындық болды. Сонымен қатар, ол халқымыздың бүтін болмысын, ойшыл ақынның өмір жолын дәріптеген «Абай» журналының қайтадан жарық көруіне сүбелі  үлес қосты. 

Балташ ата қаладағы өлкетану музейінің, сондай-ақ,  Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның да жұмыстарын жандандырған адам, білікті басшы. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «Абай» қорының жұмысын жақсартып, жергілікті атқарушы билікпен тығыз байланыс орната білді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив