KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Жарма ауданында 122 млн. 455 мың теңгенің меморандумына қол қойылды

2.03.2018, 07:20 208

Жарма ауданының орталығы Қалбатауда кәсіпкерлер форумы болып өтті. Алқалы басқосуда өткен жылғы кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларындағы нәтижелер шығарылып, сондай-ақ ағымдағы жылы атқарылатын жоспарлар пысықталды.


Іскер азаматтардың құрылтайына аудан әкімі Н. Сыдықов, аудандық мәслихат хатшысы А. Сахметжанова, дербес бөлім жетекшілері, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтардың басшылары және жеке кәсіпкерлер жиналды.Форумда сөз алғанаудан әкімінің орынбасары Н.Нұрғалиев, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылдағы жоспарлары туралы» баяндамасын жасады. Ол баяндамасында үстіміздегі жылы өңірде қолға алынатын ауқымды жобалар жөнінде тілге тиек етті.



Сол сияқты өз мақсаттарымен ірі кәспорын басшылары жәнеде шағын бизнес өкілдеріде бөлісіп өтті. Ал былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес үздік атанған кәсіпкерлерге 9 аталым бойынша дипломдар беріліп, сонымен қоса 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Өңірдегі экономиканың ілгерілеуіне сеп болған шағын және орта бизнестің белсенділері де аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Бұдан басқа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз 2017» республикалық конкурсына белсене қатысқан «Бақыршық тау - кен өндіру кәсіпорыны» және «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері» ЖШС-нің басшылары ҚРЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дипломына ие болды. Жиында бизнестің әлеуметтік ынтымақтастығы шеңберінде 11 ірі кәсіпорынмен аудан әкімдігі арасында жалпы көлемі122 млн. 455 мың теңгенің меморандумына қол қойылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив