KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

ШҚО-да кәсіпорындар өніміне сұраныс артып келеді

1.03.2018, 09:04 107

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы бірқатар өндірістік нысандара барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтсақ, облыс әкімі «Үлбі модульдік компаниясы» және «Мелисса» серіктестіктерінде, сонымен қатар жеке кәсіпкер Тарлыковтың өндірістік базасына болды.


Жеке кәсіпкер Аркадий Тарлыковтың өндіріс орны шағын сәулет формаларын, көше тренажерларын, воркауттар, балалар ойын алаңқайларына арналған түрлі спорттық-ойындық жабдықтар және жаяу жүргіншілер жолдарына арналған плиталарды шығарумен айналысады. Іргесі 2000 жылы қаланған кәсіпорында тротуар плиталарын және өзге де бетон бұйымдарын, резеңке плиткаларыншығаратын цехтар, металл өңдейтін ұстахана бар.


Кәсіпорын шығарған ойын алаңдары Өскемендегі Өтепов, Космическая, Питер коммунарлары көшелеріндегі аулаларға орнатылған. «Нұрлы жол» саябағындағы плиталар да осы кәсіпорын бұйымы.


Даниал Ахметов тиісті сала басшыларына кәсіпорынды облыс елдімекендерін абаттандыру ісіне белсенді тартып, тапсырыспен қамтуды міндеттеп, ал өндіріс орнына өнім түрлерін молайтуды ұсынды.


«Үлбі модульік компаниясы» –мал сою кешендерін, сүт қабылдау бекеттерін және «УАЗ» автокөліктеріне арналған бір тонналық сүт таситын цистерналарды шығаратын еліміздегі бірден-бір кәсіпорын. Компания жұмысымен жіті танысқан аймақ басшысы өнім сапасына оң баға беріп, өндіріс көлемін арттыруды тапсырды. Кәсіпорын тауарларына сұраныс жылдан-жылға арта бермек.


Облыс әкімі, сонымен қатар, «Мелисса» ЖШС-нің құрылысы жүріп жатқан ОСБ-плиталар шығару зауытында болды. Кәсіпорын басшысы Виктор Воробьевтың айтуынша, жуық арада зауыт іске қосылып, алғашқы өнім шығарыла бастайтынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив