KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде электронды қызметке сұраныс артып отыр

1.03.2018, 08:59 217

Биылғы Елбасы Жолдауының басты бағыты –экономиканы цифрландыру. Кез келген саланың дамуы цифрландыру үдерісіне тәуелді. Сол себепті Елбасымыз сандық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр.


Цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Қазіргі кезде халық әділет органдары беретін мемлекеттік қызметтің бірқатарын «Электронды үкімет» порталы арқылы ала алады. Жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамалар алу,  азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды тіркеу сияқты қызметтерді электронды түрде ала алады. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді.


– Өскемен қалалық әділет басқармасы халыққа қызметті электронды түрде алу тәртібін түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Тұрғындар тарапынан қызметтерді электронды түрде алуға деген қызығушылық күн санап артып келед, – дейді бізге берген сұхбатында Өскемен қалалық әділет басқармасының бас маманы Салтанат Оралбаева.

Бұл саладағы соңғы жаңалық – баланың тууын мобильді байланыс хабарламасына (СМС) жауап беру арқылы тіркеп, оны балабақшаға кезекке қоюды және жәрдемақы тағайындауды үйден шықпай-ақ алу. Бұл қызмет мобильді азамат қорында тіркелген, жаңадан босанған аналарға көрсетіледі. Қызметті 1414 қысқа номеріне келген мобильді байланыс хабарламасына жауап беру арқылы алуға болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив