Шығыс жаңа сұрыптар шығарудан көш бастап келеді
Соңғы үш жылдың ішінде облыста майлы дақылдардың бірнеше жаңа сұрыптары мен гибридтері шығарылды, олар алқаптарды механикалық өңдеуден толық бас тартып, химиялық өңдеу тәсіліне көшуге мүмкіндік бермек. Жаңа сұрыптар заманауи еуропалық және амеркандық технологияларды қолдана отырып өсіруге өте ыңғайлы.
Облыстағы «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС инновациялық технологияларды енгізіп жатыр. Олар шығарған күнбағыстың үш буданы қазір мемлекеттік сынақтан өтуде, екеуі қолданысқа енгізіліп те қойды.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл – «ақылды технологияларды» ауыл шаруашылығына енгізудің үздік бір үлгісі.
– Қазіргі кезде шетелдік әріптестермен бірге сояның, рапстың, зығырдың және өзге дәнді дақылдардың озық сұрыптарын шағару жұмыстары жүріп жатыр, – деп атап өтті облыс әкімі.