KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

200 педагог ағылшын тілін меңгереді

23.02.2018, 05:58 272

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 200 химия, физика, биология, информатика пәні педагогына ағылшын тілі оқытыла бастайды.


– Біздің міндет – білім саласын экономикалық өсімнің жаңа моделі үшін орталық буынға айналдыру. Осы орайда біз инфрақұрылымдық даму және Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұнға көшу бағытында алға жылжып келеміз. Біз үштілділік оқытуды енгізу бойынша ірі жобаны жалғастырып жатырмыз. Алғашқы екі кезеңде облыстың барлық мектептері үшін тілдер бойынша жаңа оқулықтар әзірленді және сатылып алынды, тіл пәндерінің 3400 оқытушысына диагностика және оқыту жүргізілді. Жұмыс осы жылы да жалғасады, – деп мәлімдеді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің тұрғындар алдындағы есебінде.

Баяндамада белгілі болғандай, үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер үшін сараланған материалдық ынталандыру жүйесі қарастырылған. Ол ең алдымен оқушылар білімін бағалауға негізделген. 2017 жылы тілдік пәндердің 12 мұғаліміне 170 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейінгі сыйақылар табысталған.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив