Шығыс Қазақстанда заңсыз автотасымалдаушылармен күрес жүріп жатыр
Ауданаралық көлік қатынасындағы проблема заңсыз автотасымалдаушылар сұрағымен ғана шектелмейді. Мәселен Абай, Бесқарағай,Ұлан аудандарында бүгінгі күні бірде-бір ауданішілік автобус жүрмейді. Бұл жағдай Аягөз,Жарма,Тарбағатай аудандарында да өзекті. Ал облыстың 9 ауданындағы транспорт қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудан ішінде және қала ішілік автобус қатынастарына субсидия бөлінетінін ескерсек, мәселенің мәні тереңде жатқанын түсінуге болады.
Сонымен қатар облыста заңсыз автотасымалдаушылармен күрес мақсатында жұмыс тобы құрылды. Өйткені дәл осындай тасымалмен айналысатын қоғамдық көліктер қайғылы жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болады.