KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Шошқалы көлі бальнеологиялық қолдану суларына жатқызылды

19.02.2018, 05:55 456

Облыстағы көлдердің емдеу-сауықтыру әлеуетін бағалаудағы зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Шығыс Қазақстанның інжу маржаны" жобасының іске асуы жайлы баспасөз конференциясында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев хабарлады.



Естеріңізге сала кетсек, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп бальнеологиялық қорытынды алу және аймақтағы емдік-сауықтыру туризмін дамыту мақсатында облыстағы 8 көл мен 2 бұлақ құрамының физика-химиялық қасиеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізілген еді. Олар - Алакөл, Марқакөл, Зайсан, Сібе, Дубығалы (Окуньки), Шыбындыкөл және Рахман қайнарлары, Санаторий «Барлық-Арасан» және Қоңыр Әулие бұлағы мен Қасиетті бұлақ.


РФ-ның курортология және физиотерапия бойынша ғылыми-зерттеу институтының минералдану және негізгі иондық-тұздық құрамы бойынша қорытындысына сәйкес Шошқалыкөлі бальнеологиялық сыртқа қолдану суларына жатқызылды. Бұл бағыттағы суларды жүйке жүйесі, қан айналымы, тынысалу және ас қорыту, эндокринді және несеп жүйелері, тері ауруларын емдеу үшін қолдануға болады.


Бальнеологиялық қорытынды алу үшін 2018 жылы ШҚО-ның 4 көлінің сулары мен емдік балшықтарының құрамына физикалық-химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда : Арасан,  Монастырское, Жалаңашкөл, Язевое көлдерінің.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив