KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі Ертіс көпірінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталады

14.02.2018, 11:07 147

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпірді қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталмақ.


Айта кетсек, қаланың  екі үлкен бөлігін байланыстырып жатқан көпір 1970 жылы салынған. Күрделі жөндеуден алғаш рет өткізіліп, 8 жолаққа дейін кеңейтіліп жатыр.



- Бұл жұмыстардың мердігер мекемесі - «№ 25 А.Рязанов атындағы көпір құрылысы отряды» ЖШС. Тапсырыс беруші –ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова. – Өткен жылы бұл мақсатқа 1 980 025 мың теңге бөлініп, игерілген болатын. 2018 жылы құрылыс жұмыстары жалғасады. Қазан айында ол толығымен аяқталады деп жоспарлануда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив