KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

«Торпедо» «Соколды» 7:0 есебімен талқандады

13.01.2019, 07:57 268


«Торпедо» өз ойынын тапқан сияқты. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 41-ші турында қонақта красноярскілік «Соколмен» шеберлік байқасқан жерлестеріміз ірі жеңіске қол жеткізді.


Айта кетейік, ресейлік команда бұған дейін қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен болатын. Турнирлік кестеде «Торпедодан» біршама жоғары тұрған «соколдықтар» бұл кездесуде де жеңістен дәмелі еді. Алайда, қонақтар бұған жол бермеді. Өскемендік хоккейшілер айдын иелерінің қақпасына жауапсыз жеті шайба соғып, өз қоржындарын тағы екі ұпаймен толтырды. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын жерлестеріміз қонақта новокузнецкілік «Металлургтен» де айласын асырған-ды.


Кездесуге келер болсақ, матчтың бірінші минуттарынан ойын тізгінін өз қолдарына алған өскемендік хоккейшілер алғашқы екі кезеңде қарсылас қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, жеңіске бір табан жақындай түсті. «Торпедо» сапында көзге түскен Максим Капитуров пен Андрей Виноградов болды.


Ал соңғы жиырмаминуттықта қарқынын одан сайын үдете түскен айдын иелері қарсылас қақпасын тағы бес мәрте дәл көздеп, осылайша биылғы маусымдағы қонақтағы ең ірі жеңісін тойлады.


Үшінші кезеңде Кирилл Полозов, Андрей Белозеров, Евгений Рымарев, Евгений Белухин мен Талғат Жайлауовтың қанжығасы майланды. Қорытынды есеп 7:0 «Торпедо» пайдасына.


Қазір турнир кестесінің 17-ші сатысында тұрған өскемендік команда келесі кездесуін Ангарск қаласында жергілікті «Ермакпен» өткізеді. Бұл ойын 13 қаңтар, жексенбі күні ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив