Өскеменде жемқорлыққа қарсы негізделген республикалық карикатуралар конкурсы өтті
Аталмыш конкурс «Жемқорлықсыз ел –гүлденген ел» деген желеумен қазақстандық жастар арасында өткізіліп отыр. Бұл шығармашлық сайысқа облыстың жас жеткіншек ұрпағының өкілдері белсене қатысты. Олар өздерінің жемқорлыққа деген көзқарасын қағаз бетінде бейнелеп, жеткізе білді.
Карикатуралар конкурсы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де өтті. Аталмыш шара «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз ел –гүлденген ел» жобасының аясында өтіп отыр. Айта кетсек, бұл жоба халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды, халықты жемқорлыққа қарсы күреске тартуға бағытталған. Ал конкурстың мақсаты осы тақырыптағы карикатуралар арқылы жастарға жемқорлыққа қарсы тәрбие беру және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
[su_slider source="media: 23353,23354,23355,23356,23352"]
Ең үздік карикатуралардың авторлары «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталды.