KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Вишневская бабына еніп келеді

25.01.2018, 04:13 131

Италияның Антхольц-Антерсельва өңірінде биатлоннан Әлем кубогының алтыншы кезеңі аяқталды.


Бұл додаға қатысқан семейлік Галина Вишневская жүлделі орындардан көріне алмаса да, өткендегі сайыстармен салыстырғанда, тәуірлеу нәтиже көрсетті. Алдымен жеті жарым шақырымдық спринттік жарыста мәреге 14-ші болып келген Галина келесі күні 10 шақырымдық із қуалап жүгіру бәсекесін алтыншы болып аяқтады. Бір қуантарлығы, екі сайыста да Вишневская нысананы көздеуде қателік жіберген жоқ. Әзірге бұл семейлік биатлоншының жаңа 2018 жылда көрсеткен ең жоғары көрсеткіші болып тұр.


Италия жерінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Ольга Полторанина нысананы көздеуде бір рет қателесіп, сайысты 47-ші болып тәмамдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив