KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Вишневскаяның жағдайы алаңдатады

17.01.2018, 07:22 134

Германияның Рупольдинг өңірінде биатлоннан Әлем кубогының бесінші кезеңі мәресіне жетті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз бұл жолы да жүлделі орындардан көріне алмады.


Олай дейтініміз, осыдан бірер күн бұрын дәл осы Германияның Оберхоф қаласында өткен Әлем кубогының төртінші кезеңінде де шығысқазақстандық биатлоншылар ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсете алмаған болатын. Жанкүйер қауымды әсіресе Галина Вишневскаяның сәтсіздігі алаңдатып тұр бүгінде. Жаңа жылға дейін тәп-тәуір өнер көрсетіп, бірнеше байрақты бәсекеде үздікер қатарынан көрінген семейлік биатлоншы қыз 2018-де білгенінен жаңылғандай әсер қалдыруда. Санаулы күндерден кейін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанытын ескерер болсақ, отандастары үлкен үміт артып отырған Галинаға тезірек бабына келуден басқа амал жоқ.


Естеріңізге салайық, Оберхофтағы кезеңде жеті жарым шақырымдық спринттік жарыста сынға түскен Галина Вишневская мен Ольга Полторанина басқа қарсыластарын қойып, өз командаластары Алина Райкова және Дарья Климинадан да қалып қойған болатын. Сол жолы Вишневская қазақстандық спортшылар арасында ең төменгі көрсеткіш көрсеткен-ді. Жарыс жеңімпазынан үш минутқа қалып қойған Галина мәре сызығын бар болғаны 70-ші болып кесті.


Рупольдингтегі додада да Вишневская жанкүйерлерін қуанта алмады. 15 шақырымдық жекелей сайыста сынға түскен жерлесіміз топ жарған италиялық Доротея Вирерден төрт жарым минутқа қалып қойды (58-ші нәтиже). Бұл сында ел намысын қорғаған тағы бір шығысқазақстандық биатлоншы Ольга Полторанина 28-ші орынға табан тіреді.


Ал ерлер арасындағы 30 шақырымдық эстафетада ел намысын қорғаған риддерлік Василий Подкорытов командасына 11-ші орыннан көрінуге көмектесті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив