Кооператив құрамына кіре аламын ба?
– Менің жекеменшік жер телімім бар. Сол арқылы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің (АШӨК) құрамына кіруге құқығым бар ма?
Айтжан Серғалиев
Тарбағатай ауданы.
Сауалға облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова жауап береді:
– Иә, бар. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабы, 1-тармағының 7-тармақшасына сай егер осы кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер телімдері меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың меншік құқығын, уақытша ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беруге құқылы.
Оқи отырыңыз