KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

БІРНЕШЕ СҮТ ФЕРМАСЫН САЛАДЫ

10.01.2018, 08:03 164

Зырян, Шемонайха аудандарындағы  ұсақ шаруашылықтардың басын біріктіріп, іріленген «ВостокАгроХолдинг» ЖШС таяу жылдары барлық шаруашылықтарда тауарлы сүт фермаларын ашуды көздеп отыр. Себебі, бүгінде бүкіл әлемде, ішкі нарықта да сүтке деген сұраныс аса үлкен. Жартылай жұмыс істеп тұрған сүт зауыттары шикізатқа зәру.


Биыл Шемонайха ауданындағы Рулиха ауылында  холдингтің тауарлы сүт фермасының құрылысы басталмақ. Жобаны іске асыруға 2 млрд. теңге қаржы салынады. Малға жайлы, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы   бұл жерде  бұрын ірі сүт фермасы болған да екен. Болашақта  Зырян ауданының да бірнеше кентінде тауарлы сүт фермалары ашылғалы отыр. Васильевка, Тұрғұсын, Чапаево, Первороссика сияқты бес -алты ауылдан тауарлы сүт фермаларын ашу жобалары жасалынып жатыр.  Әрқайсысына 2-2,5 млрд. теңге көлемінде қаражат кетеді.


Егін шаруашылығымен, астық сақтап, қайта өңдеумен айналысатын шаруашылықта тауарлы сүт фермаларын ашудың, оларды мал азығымен қамтамасыз етудің мүмкіндігі толық бар.  Кәсіпорынның Зырян, Шемонайха аудандарындағы   20 мың гектар егістік алқаптарында  мол өнім алуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жағдай туғызған  ылғал сақтаушы технологиялар, заманауи техникалар қолданылып келеді. Шаруашылықтың егінжайында астық орып, жер жыртып, дән сеуіп жүрген техника атаулының барлығы дерлік  Германия, Америка компанияларынан жеткен жаңа заманның бесаспап машиналары.


Шаруашылық диқандары ауыл шаруашылығы дақылардарының барлық түрін егіп келеді, жаңа дақылдар түрі де өсіріліп жатыр.  Өздері өндірген өнімді өздері өңдейді. Зыряндағы элеватордан  вагонмен келген астық  шаруашылықтың Өскемендегі ұн зауытында дайын өнімге айналады.  Дақылдардың  қарақұмық, арпа сияқты кейбір түрі   Зырян, Шемонайхағы шаруашылықтар басынан бірден Қытай, Еуропа елдеріне, Ресейге  жөнелтіледі. Қазір Украинаға қарақұмық, Ауғанстанға ұн, Иранға шрот тиеліп, жөнелтуде. 2,5 мың тонна қарақұмық биыл толығымен  Украинаға экспортталған. Былтыр бұл дақыл Польшаға сатылыпты. Зығыр да шығарып отыр. Биыл шаруашылық алғаш рет жүгері астығын еккен екен. Алғашқы демекші,  шығыста  рапсты да, зығырды бірінші болып егіп, шетелге шығарған осы кәсіпорын.


Дақылдар алыс шетелдермен қоса Қырғыз, Ресей елдеріне де сатылып келеді. Кедендік одақ құрылған  соң шетелге тауар экспорттау мәселесі бұл шаруашылыққа да   жеңілдеп қалды. Қосымша құн салығы жеңілдетілген. Бұрынғыдай  кедендік бекеттер жоқ, тек шекаралық бекеттер ғана бар.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив