KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Семейде оқыс оқиға орын алды

12.12.2017, 03:52 142

Қайғылы жайт бұрынғы «Динамо» стадионында желтоқсанның 4-і күні, сағат 10.00 мөлшерінде болған екен. Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың хабарлауынша, жүк тиегіш машинаның 40 жасар жүргізушісі темір бетон колонналар мен жабын тақталарды бөлшектеу кезінде қайғылы жағдайға ұшыраған.


-Алдын ала анықтағанымыздай, жүк тиегіш көліктің жүргізушісі жұмыс барысында машинаның шөмішімен темірбетон колонналар тұрған жабын тақтайларды іліп кетуі мүмкін. Осы темірбетон жабын жүк тиегіш жүгізушінің кабинасына құлаған. Жұмысшы қайтыс болды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚҚ 156 бап 3 бөлімі бойынша, Еңбек қауіпсіздігінің сақтамау туралы іс қозғалды. Жағдай әлі де анықталу үстінде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив