KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Шығыс Қазақстанда құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшыны темірбетон плита басып қалды

22.05.2013, 18:00 92


ШҚ Семей қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға 22 мамырда сағат 10.40-та бұрынғы «Динамо» спорт кешенін қайта монтаждау барысында орын алды.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, қайта монтаждау кезінде құрылыс конструкциялары опырылып құлап, «Востокстройкомплект» ЖШС –нің жұмысшысын темірбетон плита басып қалды.

Зардап шегушіні құтқару үшін арнайы техника мен құтқарушылар жұмылдырылды. Өкінішке орай, сағат 13.15-те қирандылар астынан қаза болған жұмысшының денесі табылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив