KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Арман Машимов өзі оқыған №12 мектепке заманауи стадион сыйлады

5.12.2017, 16:21 262

Қайырымды істер жасауды Арман Машимов үшін күнделікті әдетке айналған десе де болады. №12 мектепке арнайы футбол алаңы, турниктері мен секіретін жеңіл атлетика жолағы бар спорт стадионын сыйлау үшін «Tandem Trade Company» ЖШС директоры Арман Машимов барлығын жұмылдырды. Ол №12 мектептің 1996 жылғы түлегі. Өскемен қаласында өткен «Менің мектебім» атты акцияға белсене қатысып, атсалысып келген де өзі. Себебі отбасында алған тәрбиесі солай. Ата-анасы көмек сұраған жанға қайырымдылық қол үшін беруді назардан тыс қалдырмайды. Тіпті өздері де жағдайы жоқ болып тұрып, өзгеге мүмкіндік жасаған.


Айта кету керек, Арман көп балалы отбасында дүниеге келген. Анасы өмір бақи сатушы болып жұмыс істепті. Осылайша Арманның бойына кәсіпкер болу ана сүтімен қалыптасқан екен. Сөйтіп, №12 мектепті бітірісімен 1996 жылы Мемлекеттік қаржы институтына экономист-қаржыгер мамандығы бойынша оқуға түседі. Арман оқуға өте қабілетті болғандықтан, бюджет тобына қабылданады. Және оған жақсы стипендия да тағайындалады.


-Мен отбасыммен бірге тұрдым,-деп есіне алды бізбен әңгімелескен Арман Машимов,-сондықтан да жатақханада тұрып жатқан әріптестеріммен салыстырғанда менің жағдайым әлдеқашан жақсы еді. Сөйтіп, ауылдан келген курстарыма мүмкіндігінше көмек көрсете бастадым.


2000 жылы институтты аяқтасымен Арман бір жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеген еді. 2001 жылы көтерме саудада жәй ғана сауда агенті болып, жұмысқа кіреді. Бұл мамандық 2000 жылдары өте сирек кездесетін мамандық болған. Қазіргідей қаптаған сауда агенттері жоқ еді ол кезде.


-Жоғары білімді маманмын, бірақ сауда агенті сияқты ұсақ-түйек жұмысты атқарып жүргеніме барлығы таң қалды,-деп есіне алады Арман Машимов,-агент боп кез келген мамандығы жоқ адам жұмыс істей берер, ол рас. Десек те, экономиканы бес саусақтай білуім бұл салада тез аралықта өркендеуіме ықпал етті. Сөйтіп, бір жарым жыл өткенде сауда-саттық бойынша бас маман қызметіне көтерілдім. 2005 жылы мені республикалық іргелі сауда компаниясы ШҚО бойынша өкіл болуға шақырды. Сол қызметте 3 жыл сауда саласы бойынша директор боп жұмыс істеген соң, өз кәсіпкерлігімді дамыта алатындығыма сенімді болдым. Содан бастап қазірде, шырындар мен алкогольсіз өнімдерді көтерме саудаға шығаратын кәсіпкерлікпен айналысып келемін.


Мансап саласында өсу Арманды өзгертіп жібермеді. Ол қайырымдылықпен айналыса бастады. Сөйтіп, адамдарға денсаулықтарына орай ауыр операция жасауға көмек жасап, балалар үйінің түлектеріне сыйлықтар табыс етті. Балалардың шағын орталықтарына білім алулары үшін демеушілік көмектерін де аямады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Орталықтың да біраз қайырымдылық жұмыстарын өз мойнына алған кездері болды. Себебі, оның фирмасында БЦП диагнозымен ауыратын жас жігіт жұмыс істегеніне үш жыл болып отыр. Арманның көмегі арқасында ол еңбек етіп, ел қатарлы күн көруде.


-Мен осы жігіт үшін қатты ризамын, ол өзіне сенімді маманға айналды,-деді Арман Машимов.

Арман бірде өзінің туған жері Семейдегі Шығыс кентінде жастардың жалпы төбелеспен айналысқандарын естиді. Әрине, полиция қызметкерлері дер кезінде үлгерді, бірақ, Арман осы тақырыпты содан бастап, кеңінен ойлап жүрді. Жастар қазір бос. Сондықтан осындай төбелестерге ұрынады. Жастарға жағдай жасау керектігін ойладым, деді Арман. Жастар үшін әртүрлі іс-шаралар жүргізу мен ұйымдастыруға аса назар аударылмайды, жүйелілік жоқ. Жасөспірімдердің бос уақытты тиімді ұйымдастыруы болашақ үшін пайдалы және ол арқылы өздерінің қоғамдағы орнын табуға негіз салады. Еліміздің болашағы кімдер, әрине жастар емес пе?! Жастарды көбірек еліктендіретін әуен мен ойын. Жастардың көңілдерінен шығатындай мәдени-ұйымдастыру орталығы өз жұмыстарын үнемі жеткілікті атқара алмайды. Мәселен, Восточный кентінде би өткізілмейді, спорттық шаралар жоқтың қасы. Жастар отбасымен жұмыстар баяу жүргізіледі. Жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар қамтусыз қалды. Мүмкіндіктері шектеулі жастар елеусіз қалған. Еліміздің болашағы, қазіргі біз, жасөспірімдердің бойына сіңірген тәрбиесіне тікелей байланысты. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ғой. Дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынанан туындауда.


Міне, осы ойлар жетелеген Арман Восточный кентіндегі №12 мектепке стадион сыйлауды жөн көрді. Ол үшін өзінің сыныптастары мен достары Елена Губанова, Мират Тоқсейітов, Нұрлан Берікбосындарды шақырды. Олар барлық түлектерді жинады. Сөйтіп, жобаға 60 адам жиналып, бас қосты. Және жастардың бос жүрмеуі үшін жанталаса көмек жасағанның бір осы жерлен табылды. Бас демеуші әрине Арман Машимов еді, ол өз қалтасынан стадион үшін 17 млн 500 мың теңге қосты. Жаз бойы №12 мектепте қызу жұмыстар қолға алынды. Еңбек етуге толық негіз бар. Алаңқайды реттеп, топырақ, тас-құммен керекті жерлерін толтыру керек. Ол үшін 3,5-4 мың тонна құрылыс материалдары қажет болды. Құрылыс халықтық болып табылды. Бәрі асарлата бас қосты. Соңғы үш жылда мектеп бітірген түлектер, ата-аналар, ұстаздар, мектеп оқушылары, Восточный тұрғындаының барлығы білек сыбана кірісті. Арман құрылыс жұмысын күн сайын қадағалап тұрды. Ол басшылық жасап қана қоймай, өзі де, ұлы да құрылыс жұмыстарына белесене араласты. Сылады, әктеді, бояды.

-Жаңа оқу жылына орай стадион халыққа есігін айқара ашты,-дейді Арман Машимов,-ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, Азия ойындарының чемпионы Галина Вишневскаялар келіп, балаларды құттықтаған кезде, Шығыс кентінің тұрғындары мәз-мәйрам болып қалды.


-Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жастар арасында спорттың барлық түрінен мықты спортшыларды тәрбиелеп шығаруды тапсырып отыр. Бұқаралық спорт біз үшін аса маңызды,-дейді Арман Машимов,-осыған орай қалалық жерлерден спорт залдар ашу, спорт залдарды құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуде біз талай шаруаның басын қайырдық. Шығыс кентіндегі стадион да барлығы жастар үшін жасалып жатқан игі іс дей аламыз.


Стадионда қазір барлық жағдай жасалған. Жасыл алаңқайы бар футбол жабыны ерекше көмкеріліп тұр. Мектеп оқушылары да стадионда денешынықтыру сабақтарын өтетін болдық, деп қатты қуануда. Ал 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар футболдың тегін секциясына жазылып, мәз болып қалды. Және жаттықтырушыға жалақы төлейтін де Арман Машимов екен.

-Кешке қарай жұмыстан қайтқан сәтте стадионды қарап өтемін,-дейді Арман Машимов,-лық толып тұрады. 200 адам жиналып, оның ішінде бала да, жас та, қарт та бар, жүгіреді, секіреді, ойнайды, жаттығады. Бүкіл Шығыс кенті осында. Ата-аналар да балаларым айдалаға кетіп қалған жоқ па, деп алаңдамайтын болды. Демалыс күндері ұлыммен бірге футбол ойнауға келемін кейде. Ұлым осы стадионды халық болып тұрғызғанымызды ерекше мақтан етеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив