KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өндірістік жобалар қолға алынды

29.11.2017, 07:13 181

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс тобы өңірде жаңа сипаттағы, технологиялық серпіліс әкелетін жобаларды қолға алды. Жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған бұл жобалар «ҮМЗ», «ТМК» және «Казцинк» сынды кәсіпорындардың базасында іске асырылады. Өңірде іске асырылатын аталмыш жобалардың жалпы құны 7,8 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Танталдың медицина саласында таптырмас материал екенін дер кезінде анықтаған зауыт басшылығы өздері үшін тың өндірісті қолға алуға бекінді. Бұл бір жағынан Елбасы Жолдауында айтылған шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаға сәйкес келеді.

– Облыста магниттік-резонансты томографияға қажет жоғары өткізгіш сымдар алу, танталдан медициналық бұйымдар жасау, титаннан жасанды дене мүшелерін дайындау, хлорлы қалдықтарды залалсыздандыру технологиясын әзірлеу сияқты басқа ірі жобалар қолға алынды. Жалпы, біздің өңірдегі барлық кәсіпорын қажет технологияны өз беттерімен дайындауға қауқарлы. Оған өндірістік базаның да мүмкіндігі жетеді, - деді Даниал Ахметов.






Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив