KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2 м/с, ОБ
439.43 473.31 4.82

Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

10.11.2017, 11:55 130


Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XV аймақаралық форумы 2018 жылы Петропавлда өтеді. Ал оның басты тақырыбы - туризмді дамыту. Осы ретте ШҚО ресейлік туристерді қызықтыруы ықтимал киелі орындар картасы әзір екендігін атап өткен жөн.


Челябіде өткен XIV форумның қорытындысы ШҚО үшін туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Алтай өңірімен бірге мөр басқан меморандум болды. Аймақаралық форум аясында өткен пленарлы отырыста ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстың әрқашан конструктивті сұхбатқа ашық және барлық бағыт бойынша өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін баса айтты.


– Облыстың киелі жерлерінің тізімі жасалды. Оған үш дін – ислам, христиан, буддизмнің басы біріккен Абылайкит қорғаны, Еуразия кеңістігінің кіндігі – Мұзтау шыңы кірді. Сонымен қатар, аймақтың мол мәдени мұрасының айғағы болмақ әдеби белдеу жобасы жүзеге асуда. Киелі жерлерге ұйымдастырылған туристік бағдарлар тек қазақстандық емес, сондай-ақ, ресейлік туристерді де қызықтыратыны сөзсіз, - деді алқалы жиында Даниал Ахметов.

Өз кезегінде Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин журналистерге берген сұхбатында Шығыспен байырдан экономикалық және мәдени бағытта берік қарым-қатынас орнағанын және оны тағы бір мәрте меморандумға қол қою арқылы нықтай түскендігін жеткізді.


ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Шығыс Ақпарат



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив