KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өскеменде жеті елдің мықтылары сынға түсті

10.11.2017, 04:25 144

Өскеменде үлкен теннистен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Ust-Kamenogorsk ITF Junior G3» санатты жарысы басталды. Салтанатты ашылу рәсімі қаладағы «Smash» теннис орталығында өткен аталмыш турнирге жеті елдің 60-тан астам жас спортшысы қатысуда.


Айта кетейік, бұл биыл облыс орталығында теннистен ұйымдастырылып отырған бірінші жарыс емес. Осыдан бір апта бұрын Өскеменде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы азиялық теннис сериясының кезекті турнирі өткен-ді. Ал бұл жолғы додаға еліміздің, сондай-ақ Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Армения мен Ресейден келген 18 жасқа дейінгі теннисшілер қатысып, жұптық және жекелей сындарда өзара мықтыны анықтайтын болады.


Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысушыларды осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың ашылуымен құттықтап, олардың арасынан болашақта «Үлкен дулыға» турнирінде сәтті өнер көрсететін спортшылардың шығарына сенім білдірді.


Тағы бір айта кетер жайт, Шығыс Қазақстанда осындай ірі спорттық шараның өткізілуіне «Қазцинк» ЖШС де өз үлесін қосыпты.


Сайысқа Қазақстанның атынан «Smash» теннис орталығының шәкірттері мен ел құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген Татьяна Николенко қатысуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив