KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Риддерлік жас дәрігерлерді баспанамен қамтуға 20 миллион бөлінді

3.05.2012, 18:00 120


Риддерлік жас дәрігерлерге баспана сатып алу үшін 20 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қала басшылығының осы мәселеге байланысты алаңдаушылық білдіруі түсінікті жайт. Себебі, қазіргі уақытта барлық медицина мекемелері кадр тапшылығын бастан кешіруде. Айталық, қаладағы емханада 15 учаскелік терапевтің орнына бесеу ғана жұмыс істеп жүр. Сол сияқты эндокринолог маманы өзіне жүктелген үш жүз адамның орнына мың жарымжанның денсаулығын тексеріп, емдеуге мәжбүр.
Дей тұрғанмен, қалалық денсаулық сақтау бөлімі өкілдерінің сөзіне сенсек, таяу уақытта кадр мәселесі оң шешімін таппақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы осы түйткілдерді ескере келе Риддер қаласына жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жоғарыда айтқан көлемде қаржы бөлді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив