KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жас дәрігер мамандар Зырянды таңдайды

4.06.2013, 18:00 171


Биыл Зырян ауданының денсаулық сақтау саласы «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары оқу орнын бітірген 13 жас маманмен толығады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданның орталық аурухана ұжымы тоғыз, Серебрянка қалалық ауруханасы төрт дәрігерді қабылдауға әзірленіп жатыр. Келетін жас мамандардың арасында үшеуі Зырян қаласында туып өскен. Олар еңбек жолын туған жерінде бастамақшы.

Зырян қаласының дәрігер кадр-ларымен жасақталуы – 57 пайыз. Осындай күрделі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің өкілдері біздің облыстан еліміздің медициналық жоғары оқу орнында оқып жүрген студенттермен тұрақты байланыс жасап, оқуын бітіргеннен кейін бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жас мамандарды қызметке тартты.
Осы айда терапевтер, травмато-логтар, педиатрлар, балалар хирургтері, реаниматологтар, анестезиологтар өз қызметтеріне кіріседі. Олардың әрқайсысының жағдайларын жасау мақсатында тұрғын үй және 300 мың теңге көтерме жәрдемақы беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив