KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Зайсанда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

26.10.2017, 09:10 143

Зайсан қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі екі коммуналды тұрғын үй бой көтереді. Олардың біреуін «Buildup Company» ЖШС мердігерлік мекемесі, екіншісін «СМУ Шығыс» ЖШС салып жатыр.


Қала әкімі Анарбек Дутбаевтың берген мәліметтері бойынша, бұл екі жобаға жиынтығы 947 570, 653 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар «Buildup Company» ЖШС екі ғимараттың да инженерлік желілерінің құрылысын бастаған. Оның жалпы құны - 209 558,948 мың теңге.


Бұдан басқа аудан орталығында «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасы 29 жасқа толмаған жұмысшы мамандарға арналған 60 пәтерлі тағы екі коммуналды тұрғын үй пайдалануға беріліп қойды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив