KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде «Ел жүрегі – Астана» жарысы мәреге жетті

28.03.2018, 03:20 158

Өскеменде шағын футболдан Елорданының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ел жүрегі – Астана» деп аталатын облыстық біріншілік мәресіне жетті. Доп додасына Шығыс Қазақстанның аудандары мен қалаларынан 40-тан астам команда қатысты.


Облыстық футбол федерациясының менеджері, жарыстың бас төрешісі Сергей Дурницин мәлімдегендей, турнирге қатысушылар үш лигаға бөлініп өнер көрсетті.


– Бірінші және екінші лига ойындары осыдан біраз бұрын аяқталып қойған. Енді міне жоғары лигада да жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Биыл 11-ші рет ұйымдастырылған доп додасында «ВЦМ» командасы жеңіске жетті. Ал жүлделі екінші орынға соңғы турда «ВЦМ» футзалшыларын тізе бүктірген «Марқакөл» ұжымы ие болды. Үздік үштікті «Кеден» командасы түйіндеді. Жалпы, биылғы жарыс аса тартысты өткенін, командалардың шеберлік деңгейі жыл өткен сайын артып келетінін айта кеткен орынды, – дейді Сергей Дурницин.

Жоғары лига ойындары аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ аталымдар бойынша үздік деп танылған ойыншыларды кубоктармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Тағы бір айта кетер жайт, биыл дәл осындай облыстық жарыс ардагерлер арасында да ұйымдастырылыпты. Сегіз команда қатысып жатқан жарыстың көшін әзірге «Шығысмашзауыт-ардагерлер» командасы бастап тұр екен. Ал екінші және үшінші орындарда «Имсталькон-ардагерлер» мен «Динамо-ардагерлер» командалары орналасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив