KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде шағын футболдан жарысқа 40-тан астам команда қатысуда

6.03.2018, 09:44 197

Өскеменде шағын футболдан Елорданының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ел жүрегі – Астана» деп аталатын облыстық біріншілік жалғасуда. Доп додасына Шығыс Қазақстанның аудандары мен қалаларынан 40-тан астам команда қатысып отыр.


Облыстық футбол федерациясының менеджері, жарыстың бас төрешісі Сергей Дурнициннің айтуынша, турнир ойындары екі жерде Стаханов көшесі, 3 мекенжайындағы «Алтайэнерго» спорт залында, сондай-ақ Ворошилов көшесінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатыр.


– Жарыс екі айналымнан тұрады. Командалар үш лигаға бөлініп өнер көрсетуде. Оның қай-қайсысында да бәсеке қызып тұр. Мәселен, жоғары лигада әзірге «ВЦМ» командасы көш бастап тұрса, оның өкшесін «Имсталькон», «Полиметалл», «Марқакөл» және «Кеден» командалары басып келеді. Ал бірінші лигада Абай ауданының футзалшылары мерзімінен бұрын чемпион атанып қойды. Бұл топта негізгі бәсеке екінші және үшінші орындар үшін жүруде. Жүлделі орындарға «Алтай», «Алтай-Глубокое», «Аблакетка», «Достар» және «ШҚМТУ-1» командалары таласуда, – деген С.Дурницин облыстық футбол федерациясы атынан командаларға қаржылай қолдау көрсеткен аудан-қалалардағы дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылықтарына зор алғыс айтты.

Тағы бір айта кетер жайт, биыл дәл осындай облыстық жарыс ардагерлер арасында да ұйымдастырылыпты. Сегіз команда қатысқан жарыстың көшін әзірге «Динамо-ардагерлер» мен «Шығысмашзауыт-ардагерлер» командалары бастап тұр.


Сергей Дурнициннің мәлімдеуінше, жарыс ойындары негізінен демалыс және мереке күндері өтуде. «Өскемендіктер мен қала қонақтарын доп додасын тамашалуға шақырамыз», – дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив