KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Бизнес бастауға» қызығушылар көп

17.10.2017, 12:21 160

Тарбағатайда «Атамекен» ұлттық палатасының «Бастау бизнес» жобасы шеңберіндегі семинарларына қатысушылардың саны едәуір артқан.


Атап айтқанда, жыл соңына дейін ауданында 250-ге жуық тұрғын кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгермек.

– Ауыл тұрғындарының «Бастау бизнес» жобасына қызығушылығы жоғары. Әуелі әрбір азамат онлайн тестілеуден өтіп, адамның кәсіпкерлік бейімділігі анықталады. Мұнан соң бір ай кәсіпкерлік негіздері, қаржылық сауаттылық, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары мен тиімділігі жөнінде теориялық білім алады. Семинарды аяқтаған әрбір қатысушы өз жобасын дайындап, оны қорғап шығады, – дейді «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушысы Жасұлан Сейітқалиев.


Оның айтуынша, ауданда осыған дейін 130 адам оқытылды. Қазір тағы 50 адам білім алуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив