KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Мектептерде «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылуы мүмкін.

13.09.2017, 06:21 233

Келесі жаңа оқу жылынан бастап 10-сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылуы мүмкін.


Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов «Атамекенім» акциясының таныстырылымында хабарлаған.


«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов осы пәнді оқыту арқылы “адамдарға ақшаны есептеу, үнемдеуді үйретсек, бұл бағдарламаның орындалғаны” деп санайды.


- Біздің қатысуымызбен ҚР Білім және ғылым министрлігі 10-сыныптан бастап «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» туралы факультативті пән енгізбек.


Келесі жылдан немесе 2019 жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектепте 10-сыныптан бастап балаларға кәсіпкерлік негіздерін үйретеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай прагматизм идеяларын жүзеге асырмақшымыз”, – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив