KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Жиһаз шығарушы кәсіпкерлер «ұятқа қалдырмаймыз» деп уәде берді

9.10.2017, 11:03 151

Шығыс Қазақстанда орта оқу орындары жергілікті тауар өндірушілер шығарған жиһазбен жабдықталады. Бірақ, олар халықаралық стандартқа сай, сапалы болуы тиіс. Қазіргі таңда арнайы бағдарламаның бірінші кезеңі жүзеге асып, мектеп жиһазының үлгілері дайындалып жатыр.

Облыс әкімі Даниал Ахметов талап қойды, тапсырма берді. Бүгінде оның жүзеге асу барысын ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий баяндады. Айтуынша, 400 аса сыныпты қайта жабдықтау қажет. Іске ықылас білдірген барлық кәсіпкерлер жұмылдырылған. Олардың дені техникалық ерекшеліктерін жасауға атсалысты. Бүгінде қойылып отыр басты талап – балаларға арналған жиһаз шығаруда халықаралық стандарт пен санитарлық талаптардың сақталуы.


Кабинеттер жабдығы жергілікті кәсіпорындардың қоғамдасу әдісі бойынша жасалады. Десе де, барлық ережелер мен мемлекеттік стандартқа сай келетін Семейдің материалдарды қолдану жоспарланып отыр. Себебі, сапасы шетелдік баламаларынан еш кем түспейді әрі бағасы да бірнеше есе арзан болмақ. Қазіргі таңда 12 кәсіпорын жұмысқа кірісуге дайын. Қажетті жағдайды да жасап отыр. Игорь Шацкий хабарлағандай, жиһаз жеткізу кестесі құрылды, ал жаппай шығарылым желтоқсанда басталмақ. Осылай 2018 жылдың шілдесіне дейін оқу орын сыныптарын толық жаңарту жоспарланып отыр. Даниал Ахметов жобада кеткен кемшіліктерді нақтылап, аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, өңірдегі барлық мектептер жаңа жиһаз алуы үшін жиынтық көлемін толықтыру қажеттігін нықтады.


– Шалғайдағы ауылдарда оқыса да, біздің балалар үлкен қалалардағы білім шаңырақтарында жасалған жағдаймен пара-пар деңгейде білім алуы тиіс, - деді облыс әкімі кәсіпкерлерге.

Жиһаз шығарушылар аймақ басшысына жұмысқа дайын екендіктерін жеткізіп, «ұятқа қалдырмаймыз» деп ағынан жарылды.


ШҚО әкімінің баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив