KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Перзентханадан куәлікпен шығады

2.10.2017, 10:23 167

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мақсатында алдағы уақытта мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды түрде жүргізуге қол жеткізу көзделген.


Облыстық әкімдікте өткен Әдеп кеңесінің кезекті отырысында перзентханаларда жас босанған аналарға электронды қолтаңба алуға жағдай жасау туралы сөз болды.


Бұл - нәрестелерді бірден тіркеп, олардың тууы туралы куәліктерін перзентханадан алып шығуына мүмкіндік берер еді.


Бүгінгі таңда облыста көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтің тек он пайызы ғана электронды түрде жүзеге асқан. Шенеуніктер бұл көрсеткіштің төмендігін тұрғындардың электронды қол қоюды алудағы кедергілермен байланыстырды. Мысалы, ол үшін тұтынушылар міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күтулері керек. Егер осы процедураны жеңілдетсе, мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алушылардың қатары да көбейер еді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив