KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Күршімдік профессор туған ауылындағы медпунктті жөндетіп берді

21.08.2017, 03:04 129

Игілік ауылындағы тозығы жеткен медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайтадан ел игілігіне берілді.


Бұл нысанның жөндеу жұмыстарына қаржылай қолдау көрсеткен медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Бижігітовке жерлестері дән риза. Аудан әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, осы ауылдың тумасы Жақсыбай Бижігітов аудан көлемінде өткізіліп тұратын қайырымдылық шараларына үнемі атсалысып тұрады.


– Елдің құрметіне бөленген дәрігер туған жерінен шалғайда жүрсе де, ауылдастарына қол ұшын беруден еш жалыққан емес. Сондықтан Жақсыбай Бижігітовке деген күршімдіктердің құрметі ерекше, - дейді Сейсенғазы Чукаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив