KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
492.22 529.38 5.03

Мекемедегі қосымша жұмысқа қосымша ақы төленуі керек пе?

18.08.2017, 06:41 227

– Мен «ҚазАвтоЖол» республикалық мекемесінің Жарма ауданындағы бөлімшесінде істеймін. Бес-алты жылдың жүзі болды, мекеме жұмысшыларын өз көлігіммен жұмысқа тасып жүрмін. Басшылық кейде жанар-жағармай ғана береді. Қосымша ақы төлемейді. Сұрастырсам, төленбейді деген жауап айтады. Сұрағым келгені, мұндай жағдайда мекеме басшылығы маған қосымша жалақы төлеуі тиіс пе? Өз еркіммен кісі тасудан бас тартуыма бола ма? Осы сауалға газет бетінен маман кеңесін оқығым келеді?


Бейсен Уәлибеков,

Жарма ауданы


Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов жауап береді:


– Еңбек кодексінің 111-бабы, 2-тармағына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару болып табылады.


Еңбек кодексінің 111-бабы, 3-тармағы бойынша лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілеуі қажет.


Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс беруші міндетті түрде жұмысшының өзінің негізгі жұмысынан бөлек жұмыс атқарғаны үшін немесе басқа жұмысшының орнында жұмыс істегені үшін қосымша жалақы төлеуі керек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив