KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
440.9 475.95 4.82

ШҚО-да дала өрттері басылмай тұр

17.08.2017, 03:10 243

Бір тәуліктің ішінде Шығыс Қазақстан облысында 45 гектар алқапта құрғақ шөп өртеніп кетті.


Алдымен Первомайское ауылының маңында 10 гектар жердің қурап тұрған шөбі лап етті. Шөптің биіктігі мен үдеген жел өрт сөндірушілерге отты сөндіруге біраз кедергі келтірді. Оның үстіне жалындаған оттың маңайдағы қараусыз қалған саяжайларға таралу қаупі төнді. Егер тілсіз жау саяжайларға жетсе, олардың ескі құрылыстары мен қураған ағаштары да өртті күшейте түсері даусыз еді. Өртке қарсы қызмет мамандары жағдайды тез анықтап, оттың жайылуына жол бермеді.


Ал Күршім ауданында тілсіз жау 35 гектар жерді шарпыды. Қураған шөпті бойлай, тез жайыла бастаған қызыл жалын бұл жерде де қысқа әзірленген шөптерді жалмап кете жаздады. Алайда өртпен күресуге бүкіл ауыл тұрғындары жұмылды. Олар трактормен ор қазып, өрттің қысқы қорларын жойып жіберуіне тосқауыл қоя білді. Одан кейін келіп кеткен өрт сөндірушілермен бірлесіп, өртті ауыздықтады. Өртпен шайқасқа жергілікті атқарушы органдардан 25 адам мен екі техника, жеке құрамның жеті мүшесі мен бір техникалары көмекке келді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив