KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

19.07.2017, 09:11 126

Өскемендегі облыстық драма театрында залында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк орган қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.


Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ширек ғасыр ішінде атқарылған қызметке жоғары баға берген-ді. Расында да, ел тыныштығын қас қақпай күзету – мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Осы орайда елдегі тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуді, терроризмді, лаңкестікті жою сынды маңызды міндеттерді орындауда ҰҚК-нің үлесі айрықша.


– Елбасы Жарлығымен осыдан ширек ғасыр бұрын құрылған комитет ел тәуелсіздігімен бірге өзінің қиын да күрделі қалыптасу жолынан өтті. Осы уақыт ішінде жұмыстары жария етіліп, көзге көріне бермейтін мекеме қызметкерлері шекарамыздың беріктігін, еліміздің тұтастығын қамтамасыз етуде, тәуелсіздікті нығайтуда айтарлықтай үлес қосты. Бұл – тәуелсіздікті тұғырлы, елдігімізді еңселі етудегі Сіздердің уақытпен санаспайтын жұмыстарыңыздың нәтижесі, кәсіби даярлығы жоғары, білікті де білімді, ең бастысы, өз елінің шынайы патриоттары ретіндегі қызметтеріңіздің арқасы. Әлемдегі отыз озық елдің қатарына қосылуды мұрат еткен еліміздің асқаралы стратегиялық міндеттерін орындау Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне бұрынғыдан да зор жауапкершіліктер жүктеп отырғаны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп атап көрсетеді. Басқа қауіптермен қатар адамзат қауымы терроризмнің белең алуымен бетпе-бет кезігіп отырғанын айта келе, Елбасымыз деструктивті күштермен ымырасыз күрес жүргізу – бүгінгі күнде ең басты міндет екенін нақтылайды. Сіздерді ұлт мүддесін қорғау жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз бен кәсіби қызметтеріңіз біздің отандастарымыздың алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіруіне кепіл болып, Қазақстанның мемлекеттік қаупсіздік жүйесін одан әрі нығайта беретініне сенімдіміз, - деген Нұрымбет Сақтағанов бір топ үздік қызметкерге арнайы алғыс хаттарды табыс етті.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Валениязов өзінің құттықтау лебізін білдірді.


Бұдан соң департамент бастығы «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» ведомстволық медалін, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының грамотасын және Алғыс хатын бір топ сала қызметкерлеріне табыс етті. Мерекелік кеште бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер арнайы органдағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздік қызметкері» төсбелгісіне, «ҰҚК-не 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды.


Жиында 13 шілде күні Астанада Елбасының қолынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алған Шығыс Қазақстан облыстық департаменті басқармасының жедел уәкілі, капитан Жандос Омариев те сөз алды.

– Мен үшін Елбасы қолынан мемлекеттік награда алу үлкен абырой! Оған департамент басшылығының және ұжымның қосқан үлесі негізінде қол жеткіздім, – деген жас қызметкер қызметін алдағы уақытта да жоғары дәрежеде атқара беретінін жеткізді.


Мемлекет тұтастығын қалтқысыз күзетіп жүрген абыройлы қызмет иелерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиын өнерпаздардың концертіне ұласты.


Фото: Манап Мұрзатаев


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив