KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Ресейге жалға берілген 1,7 миллион гектар жер кері қайтарылады

9.06.2016, 18:00 142



Қазақстан мен Ресей тараптары жерді жалға беру мен алу туралы құжаттарға қол қойды. Келісім бойынша Ресейге жалға берілген 1,7 миллион гектар жер елімізге қайтарылады.

Мұны Астанаға арнайы келген Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлім етті.
Көрші елдің қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ортақ әскери жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған.

– Кездесудің ең үлкен жетістігі – Қазақстан аумағында Ресей қорғаныс министрлігінің әскери сынақ полигондарын пайдалану және жалға алу туралы хаттамасының күшіне енуі. Біз Қазақстан тарапымен кездесуге барып, жалға алған 1,7 миллион гектар жерді қайтарып бердік. Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ембі сынақ алаңы жайындағы хаттаманы толтыруға келістік. Осылайша, Қазақстан халық шаруашылығына тағы 300 мың гектар жер қайтарылады, – деді Сергей Шойгу.

Шығыс-Ақпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив