KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Семейдің қалдық суы Ертіске құйылуда

3.07.2017, 06:10 259

Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің экология жөніндегі жұмыс тобының отырысында экологиялық қауіпсіздік орталығының экологтары «Семей водоканал» МҚК су тазалау имараттарынан шығарылып жатқан қалдық сулардың дұрыс тазаланбай отырғандығы туралы мәселе көтерді.


- Дұрыс тазаланбай отырған сулардағы зиянды заттарды құм, лай немесе жай ғана қалдық деп түсінбеу керек, олар құстар мен балықтардың, адамдардың ауруына, өліміне әкеп соқтыратын улар мен басқа да зиянды заттар, патогенді микрофлоралар. Кәріз жүйесіне қандай қалдық судың құйылып жатқанын, дұрыс тазаланбаған лас сумен бірге Ертіс өзеніне қандай улы, зиянды заттар түсіп жатқанын ешкім де дөп басып айта алмайды қазір. 300 мыңнан астам тұрғындары бар Семей қаласында механикалық және түбегейлі биологиялық тазалау жүйесі бар, тазалау жұмыстарын бақылап, судағы зиянды заттарды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін толыққанды тазалау имараты қажеттігінің маңыздылығы міне, осында,-дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.


Семейде қалдық сулардың су тазалау имараттарында түбегейлі, дұрыс тазаланбай отыруы жағдайына орай облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері осы мәселеге жауапты мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар Семейдің экологиялық проблемасына жеткілікті мән бермей, айналыспай отырғандығына назар аудартты. Дабыл қаққан экологтар Семей қаласының әкіміне Семейдегі қалдық суларды тазалауды, сулардың трансшекаралық Ертіс өзенін ластап жатуын арнайы кеңесте қарауға ұсыныс жолдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив