KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Еден тазалаушыға денсаулыққа зиянды заттармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлене ме?

12.05.2013, 18:00 207


– Мен әлеуметтік мекемеде еден тазалаушы болып жұмыс істеймін. Көбінесе денсаулыққа зиянды заттармен, әсіресе, хлормен жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ сол зияндылық үшін бізге қосымша ақы төленбейді. Неге екенін сұрасақ, «ондай ақы қарастырылмаған» дейді. Расында да солай ма?

Ирина Батова,
Өскемен

Оқырманның сауалына ШҚ облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева жауап береді:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар еңбеккерлерінің, қазыналық кәсіпорындар еңбеккерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» №1400 қаулысының №14 қосымшасына сәйкес, еден жуушыларға төленетін қосымша ақының көлемі бекітілген. Атап айтсақ, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып өндірістік және қызметтік орын-жайларды тазалау үшін базалық лауазымдық жалақының 20 пайызы, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, әжетханаларды тазалау үшін жалақының 30 пайызы көлемінде қосымша ақы төлеу қарастырылған.

Ержан Әбішұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив