KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Өскемендегі қоқыс полигонын өрттегендерге айыппұл салынды

12.06.2017, 18:00 98



Облыстық экология департаменті Өскемендегі қатты қалдықтар полигонының өртенуіне байланысты жүргізілген тексеруді аяқтады.

Осыған дейін хабарланғандай, 28 мамыр күні «ӨскеменСпецКоммунТранс» ЖШС –не қарасты қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар қоймасынан шыққан өрт бір апта бойы жалғасып, 4-маусымда ғана толық өшіріліп бітті. Өрттің аумағы 0,5 га құраған.

«Казгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының өрт болған маңдағы ықшам ауданның ауасына жүргізген зерттеулері бұл аумақта зиянды заттардың сегіз түрі бойынша ауадағы шектеулі шығарынды концентраттар (ШШК-ПДК) көрсеткішінің тиісті мөлшерден асып кеткенін анықтаған. Ксилол-1,6-3,5; толуол-4-5,6; жанар май-1,2; фенол-1,5; бензол-1,5, көміртек тотығы-5,9 ШШК көрсеткішін құраған.

-Қалдық қоймасында шыққан өрт ошағын жоюға байланысты жедел іс-шаралар жүргіздік. Біз орын алуы мүмкін экологиялық зардаптарды болдырмас үшін қала әкімдігіне, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке өртті өшіруге қаржы, қосымша күштерді жұмылдыру қажеттігі туралы хат жолдап, «ӨскеменКоммунТранс» ЖШС тексеруге кірістік,-дейді облыстық экология департаментінің директоры Дмитрий Кавригин.

Тексеру нәтижесінде экологтар «ӨскеменКоммунТранс» кәсіпорнының қалдықтарды сақтау мен өртеуде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандығын анықтаған. Сонымен бірге кәсіпорын басшылығына қоршаған ортаны қадағалу органдарына атмосфералық ауаға шығарылып жатқан ластаушы заттар туралы дер кезінде хабарламаған деген айып тағылған.

-Қазір тексеру аяқталды. «ӨскеменКоммунТранс» ЖШС еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 және 327 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл 95 АЕК (215 555 теңге) Қоршаған ортаға келтірілген зиянға байланысты айтарым: мұндай жағдайда келтірілген зиянды есептеп шығарудың әдісі жоқ, соған байланысты кәсіпорынға зиян келтіргені туралы айып тағылған жоқ,-дейді Дмитрий Ковригин.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив