KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Өскеменде мас ана қолындағы нәрестесін бірнеше рет асфальтқа құлатты

27.06.2017, 03:13 184

Өскемендегі жедел жәрдем қызметі Ана мен бала орталығының жан сақтау бөліміне 1 айға да толмаған нәрестені жеткізді. Оны анасы асфальтқа құлатып алған.


Ауыр жарақатпен келген баланы дәрігерлер бірден жан сақтау бөліміне жатқызыпты.


Орталықтың директоры Сергей Поповтың айтуынша, баланың бас сүйегі сынып қана қоймай, мидың да жарақаты анықталған.


-Қазір сәбидің жағдайы түзеліп келеді, оны балалар нейрохирургиясы бөліміне ауыстырдық.  Нәрестенің жарақаттарына қарағанда, анасы оны асфальтқа бір емес бірнеше рет құлатқан сияқты. Жедел жәрдем қызметі келген кезде ол әйел мас болған,-дейді орталық директоры.


Дәрігерлер бұл оқиға туралы ақпараттың барлығын полицейлерге тапсырыпты. Қазір тәртіп сақшылары жауапсыз ана мен жараланған нәрестенің мәселесін қарап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив