KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемен көшелерінде қызыл кітапқа кірген ағаштар кесіліп кеткен

26.06.2017, 05:32 136

Облыс орталығындағы ағаштардың жай-күйін тексеріп, санағын жүргізуді бастаған «Зеленстрой Кz» серіктестігінің мамандары қаладағы жасыл желектердің көпшілігі қуарып, ауруға ұшырағандығын анықтады.


Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Комендантка өзенінен «Қазақстан» кинотеатрына дейінгі шағын аумақты зерттеген мамандар бұл жердегі ағаштардың 30 пайызы   жайлап алған жәндіктер мен зиянкестердің кесірінен ауруға ұшырап, қуарып кеткен  жасыл желектер екендігін анықтаған. Ағаштарды қорғаудың заманауи алдын-алу шараларын жүргізбесе жәндіктер жасыл өскіннің бәрін жайлап алып, кесілетін ағашардың саны үсті-үстіне арта беруі мүмкін.


«ЗеленстройКz» ЖШС басшысы Владимир Езенюк Өскеменде  ағаштарды қиып жатқан адамдардың  Комендантка өзені бойындағы қызыл кітапқа кірген үйеңкі ақ талына дейін аралап, кесіп тастағанын және кесу жұмыстарының стандарттық талаптарға сай емес жүргізіліп жатқанын айтады.


- Қанатқақты жобамыз бойынша бүкіл қала ішіндегі жасыл желектерді есепке алып, тіркемекпіз. Ағаштардың ауруға ұшырауына кесу жұмыстарының зияны да тиіп отыр. Қалада ағаштарды кесудің тәртібі сақталмаған. Ағаштардың бұтақшаларын ғана кесіп, ірі бұтақтарын қалдырып отыру керек. Ағаш кесушілер жалғыз бағана ғана қалдырып жатыр. Ағаштың кесілген жері боялу керек болса да оны боямай кетіп жатады,-дейді қаланы көгалдандырумен айналысатын серіктестіктің басшысы.


Қаланы көгалдандыруға кәсіби мамандардың жетпейтіндігі де кедергі келтіріп жатыр. Владимир Езенюк жасыл желектерді есепке алу, тіркеу жұмыстарына  географ, биолог, сәулетші мамандығын оқып жатқан студенттерді де тарту қажеттігін, бұл тәжірибе студенттерді оқу орынын бітірген соң қаланы көгалдандыру саласында, ТҮКШ  саласында  жұмыс істеуге бағыттап, саланы тәжірибелі мамандармен қамтуға көмегін тигізер еді дегенді айтады.


-Жасыл желектерді жаппай есепке алуға, жаңа көшеттерді отырғызуға қала әкімдігінің қолдауы қажет. Біз бұған дейін бірнеше рет қала әкімдігіне осындай ұсыныспен шыққан болатынбыз, бірақ жергілікті билік түсіністік танытпай келеді,-дейді Өскемендегі экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив