KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Аспаннан құлаған «Союз-2.1» зымыраны бөлшектерінің салдарынан бір адам қаза болды

14.06.2017, 18:00 100



Қарағанды облысында далалы алқапқа Байқоңырдан ұшырылған «Союз-2.1» зымыраны бөлшектерінің құлауынан болған өрт салдарынан бір адам қаза болып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"14 маусым күні сағат 18:04-де Жезқазған ТЖ басқармасынан түскен ақпаратқа қарағанда, Талап селосынан оңтүстік-батысқа қарай бағытта 20 шақырым жерге "Прогресс МС-06" кемесінен бөлінген бөлшектердің жоспарланған орынға құлауы кезінде құрғақ шөп өртенген», деді ол.

Сонымен қатар сағат 19:25-те Жезқазған-Қызылорда трассасы аумағында Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде далалы алқаптың өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен.

"Өрт салдарынан алған күйіктен 1964 жылы туылған адам қаза болған, 1968 жылғы жігіт ауруханаға жатқызылған, олар зымыраннан құлаған бөлшектерді жинаумен айналысқан болатын», деді ведомство өкілі.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив