KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Сотталғаны туралы мәлімет өшіріліп, есептен шығарылған адам мемлекеттік қызметке тұра ала ма?

31.05.2017, 18:00 204



Қылмыстық Кодекстің 314-бабының 2-бөлiмiмен шартты мерзiмдегі соттылығы өшіріліп, есептен шығарылған адам ветеринария саласында мемлекеттік кызметке орналасуға заң тұрғысында құқығы бар ма?

Аманат Серіков
Бородулиха ауданы.

Сауалға ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев жауап береді:


– Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі № 453 Заңымен реттеледі. Заңның 10-бабында қызметте болумен байланысты шектеулер, сондай-ақ, азаматтың мемлекеттік қызметке қабылданбау негіздері көрсетілген.
Осы Заңның 13-бабында мемлекеттік қызметке тұрарда қойылатын талаптар келтірілген. Азаматтар әкімшілік лауазымға міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана тағайындалады.
Үміткерлерді зерделеу материалдары Заңның 14-бабына сәйкес конкурстық комиссияда қаралады. Осы комиссияның шешімі әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындауға немесе осындай лауазымға тағайындаудан бас тартуға негіз болады.

Дайындаған - Дәурен Аллабегенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив