KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Зайсан ауданында мектеп бітірушілер форумы өтті

29.05.2017, 18:00 126


Аудандағы халық театры әртістерінің «Адасқан ұл» спектаклімен ашылған түлектер форумында ардагер ұстаздар, ауданға белгілі азаматтар, дін өкілдері жастарға ақыл, кеңестерін айтып, сәт сапар тіледі.

Үлкен өмір жолына аяқ басқалы отырған ұл, қыздарға ардагер ұстаз, еліміздің оқу ісінің үздігі Бисара Қашағанова, тарихи шежіре кітаптардың авторы, «Абай» жөніндегі сөзжұмбақшы Қалибек Алтыбаев, аудандық мешіттің бас имамы Тимур Елеуов жаңа дәуірдегі жастардың алар орыны, дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірі туралы айтып, әңгімелеп берді.

Жастар форумының «Жолың болсын, жас түлек» деп аталатын үшінші бөлімінде республикамыздың оқу ісінің үздігі Гүлбаршын Берденова Зайсан өңірінің мектептерінен түлеп ұшқалы отырған 433 жасқа жүрекжарды тілегін арнап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұқан Мырзаханов ақ батасын берді.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив