KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

«Имам» такси жобасы Зайсанда жалғасын тапты

30.01.2018, 10:11 324

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырған «Имам» такси жобасы Зайсан ауданында да жалғасын тапты.


Айта кетейік, аязды күндері Зайсан қаласында аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Мейірім» акциясы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш акция аясында Зайсан қаласының тұрғындарын 10-нан астам жеңіл көлік тегін тасымалдап, қызмет көрсетті.


– Қатты аяз қала тұрғындары мен қонақтарының жүріс-тұрысына айтарлықтай қиындық келтіруде. Сол себепті, осындай акция ұйымдастырып отырмыз. Халық дән риза. Жалпы, асыл дінімізде адамдарға қандай да болмасын жақсылық жасау аса маңызды деп көрсетілген, – дейді бұл жөнінде Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Тимур Елеуов.

«Мейірім» акциясына аудандық мешіттің қызметкерлерімен қатар, еріктілер де ат салысқанын айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив