KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Дінтанушылардың І аудандық форумы өткізілді

15.10.2014, 18:00 119



18 қазан рухани келісім күніне орай 15 қазан күні ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында дінтанушылардың І аудандық форумы өткізілді.

Форумды Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Д.Қалиқан ашып, қатысуларды рухани келісім күнімен құттықтады. Форумға ҮЕҰ, БАҚ және өзге ұлт өкілдері, мұғалімдер, оқу ісінің меңгерушілері, қажылар, ардагерлер, студенттер, жастар қатысып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Дуйсенбаева, Х.Мустафина атындағы орта мектептің дінтану пәнінің мұғалімі С.Райысова баяндама жасап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды мейрам - рухани келісім күнінің маңызын атап көрсетті.

Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев, қажы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Қашағанова, орталық мешіттің бас имамы Б.Бағлаев, орыс ұлтының өкілі, Православ шіркеуі діни қауымының мүшесі Ефремова Валентина Васильевна қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

Форум соңында бірқатар азаматтарға аудандағы ұлтаралық келісім мен діни татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылып, соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив