KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Семейде белгісіз біреулер елдің құжаттарын жинап алып онлайн несие рәсімдеген

24.05.2017, 18:00 182



Семейде өзін құрылыс мекемесінің өкілімін деп таныстырған азамат, оннан астам құрлысшыны сан соқтырған.

Алақтар жұмысқа қабылдау үшін деген желеумен 15 адамның құжаттарының көшірмесін жинап алыпты. Шын мәнісінде олар ешқандай жұмыс беруші емес, құжаттарды ғаламтор арқылы онлайн несие рәсімдеуге қолданған көрінеді.

-Ол жігіттерді танымаймыз да. Олар бұл жақта мүлдем тұрмайды ғой деймін. Алаяқтық жасап біздің құжаттарымызды алып, сыртымыздан несие рәсімдеп тастаған,- дейді Бауыржан Бадиев атты Семей қаласының тұрғыны.

Осылайша, бір жыл бұрын алынған онлайын 10 мың теңге несие күн санап өсіп жатыр. Қазір әрқайсысының берешектері 100 мың теңгеден асып кеткен. Ал, өздері бұл қарыздарын несие компаниялары хат жолдап, хабарласқанда бір-ақ біліпті. Алғашында оған сенбей, несие тарихтарын халыққа қызымет көрсету орталығанан тексерген екен. Семейліктер оңбай алданғандарына сол сәтте ғана көз жеткізген.

Құзырлы органдар алаяқтық құрбаны болғандарың саны 15 адаммен шектелмеуі мүмкін дейді. Ал берешек болып қалған жұмысшылар құзырлы органдарға шағым түсірді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: КТК




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив