KZ
Өскемен
+27°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Тайбэй, Филиппин, Тайланд, Вьетнам, Жапония және Иран спортшылары Өскеменге келіп қойды

22.05.2017, 18:00 115



Өскеменге әйелдер арасында волейболдан клубтық Азия Чемпионатына қатысушы командалар келуде. Чемпионат өтетін Спорт сарайының алаңымен танысқан ойыншылар қазірде қызу жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Алғаш рет Өскемен қаласында өтетін Азия Чемпионатына қатысушы Тайбэй, Филиппин, Тайланд, Въетнам, Жапония, Иран мемлекеттерінің спортшылары бүгінде Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде және Спорт сарайында жаттығуда. Ал қытайлық клуб ертең келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 25-31 аралығында Өскеменде әйелдер арасында волейболдан клубтық Азия Чемпионаты өтеді. Азия континентінен 8 команда қатысатын аталмыш чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғамақ




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив