KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ЭКСПО-2017 көрмесінде Германия павильоны еш жерде жоқ ерекше электромобильдер ұсынбақшы

14.05.2017, 18:00 140



Германия өнертапқыштары ЭКСПО-2017 көрмесіне электрдің тартылыс күші арқылы қозғалатын жаңа көлік түрін ұсынбақшы.

Электромобильдер арасында ұйымдастырылатын «Формула Е» жарысына арналған бұл көлік Германияның павильонында менмұндалап тұратын болады.

Павильонның креативтік директоры Андреас Хорбельттің айтуынша, бұл автомобильдер көлік өндірісіндегі тың бағыт болып саналады. Қоршаған ортаға әсері жөнінен де аса зиянсыз қозғалыс ретінде мойындалып келеді.

Германия павильонында бұдан бөлек электр жетекті, қосдөңгелекті көліктер қойылады. Ал «Болашақтың қаласы» кешенінде балдырдан қуат өндіретін «ақылды үйлердің» жобасы көрсетіледі.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив